Алаяқтар "Өскемен су арнасы" кәсіпорны қызметкері болып қоңырау шалатын болған

Dalanews 13 қаз. 2024 08:50 1489

Өздерін "Өскемен Водоканалданбыз" дейтін олар тұтынушыларға код жіберіп, жеке деректерін алуды көздейді.Коммуналдық мекеме басшылығы қызметкерлер тұрғындарға код сұрап қоңырау шалмайтынын ескертеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

- Қала тұрғындарына "Өскемен су арнасы" МКК қызметкерлері болып алаяқтар қоңырау шала бастады, - деп ескертеді "Өскемен су арнасы" МКМ. - Алаяқтар тұтынушыларға есептегіштерді тексеру немесе олардың жарамдылық мерзіміне байланысты ауыстыру қажет екенін хабарлайды. Ұялы телефонға келетін кодты сұрайды. "Өскемен су арнасы" МКК  қызметкерлері тұрғындарға код сұрап қоңырау шалмайды. Алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалмас үшін есептегіштеріңіздің төлқұжатында көрсетілген қызмет ету мерзімдеріне назар аударып, салыстырыңыз.

Жеке деректерді, соның ішінде құпия сөздерді және SMS кодтарын ешкімге беруге болмайды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар