Тыныс алу қауіпті: Қазақстандағы ең лас қалалар жарияланды

Тыныс алу қауіпті: Қазақстандағы ең лас қалалар жарияланды
ЖИ: Dalanews.kz

2026 жылдың сәуір айында Қазақстанның 15 елді мекенінде ауа ластануының жоғары және өте жоғары деңгейі тіркелді. Атмосфералық ауа сапасына жүргізілген мониторинг 68 қала мен елді мекенді қамтыған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қазгидромет мәліметінше, ауа ластануының өте жоғары деңгейі Қарағанды мен Петропавл қалаларында анықталған.

Ал жоғары деңгейдегі ластану тіркелген қалалар тізіміне:

  • Алматы
  • Астана
  • Ақтөбе
  • Атырау
  • Павлодар
  • Өскемен
  • Теміртау кірген.

Сондай-ақ бұл санатқа Риддер, Абай, Сәтбаев, Түркістан, Талғар қалалары мен Шұбарши кенті енді.

Мамандар ауа ластануының көтеріңкі деңгейін тағы бірнеше ірі қалада тіркеген. Олардың қатарында:

  • Шымкент
  • Ақтау
  • Қостанай
  • Семей
  • Жезқазған
  • Талдықорған бар.

Бұл тізімге сондай-ақ Балқаш, Рудный, Арқалық, Жітіқара, Арал, Шу, Аягөз, Жанбай ауылы мен Құрманғазы (Ганюшкино), Кеңқияқ және Қызылсай кенттері де кірген.

Ал ауа ластануының төмен деңгейі тіркелген қалалар қатарында:

  • Көкшетау
  • Орал
  • Тараз
  • Қызылорда
  • Екібастұз
  • Жаңаөзен
  • Степногорск бар.

Сонымен қатар төмен ластану деңгейі Ақсу, Лисаков, Щучинск, Құлсары қалаларында, сондай-ақ Бурабай, Бестөбе кенттері мен Ақай, Бөрлі, Шиелі ауылдарында тіркелген.