Армысың, антипедагогика?!.

Dalanews 02 шіл. 2015 23:57 890

Білім беру үдерісі қалай басқарылады:


педагогика қағидаларымен бе, әлде саяси айлалармен бе?




[caption id="attachment_11312" align="alignleft" width="302"]Қанағат Жүкешеев Қанағат Жүкешеев, философ[/caption]

Газетіміздің № 21, 22 сандарында жарияланған «Мұғалім мұңы», «Мен үшін шындық қымбат» деген материалдарда Алматы облысы Қарасай ауданындағы Жаңа тұрмыс орта мектебінде жергілікті әкімшіліктің мұғалімдерді өздері атқаруға тиісті функциялық міндеттерінен тыс жұмыстарға жұмсау айғақтары туралы сөз болған болатын. Енді осы мәселеге қатысты зерттеуші Қанағат Жүкешевтің берген квалитативтік бағасын жариялап отырмыз.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстанның білім беру кеңістігінде салауатты ойлау шеңберіне сыймайтын бірқатар оғаш құбылыстар болды. Олар рухани даму заңдылықтарымен таныс адам қабылдай алмайтындай, балаға жаны ашитын педагог бара алмайтын бір қатар антипедагогикалық әрекеттер ретінде сипат алды. Олардың бәрі білім беру жүйесінің жұмысын ұйымдастыруға  институционалдық өзгерістер енгізумен байланысты көрініс берді.

Саланың жұмысын ұйымдастыруға институционалдық өзгерістер енгізу Білім туралы заңның 3-бабы бойынша мектеп ашу, жабу, оған директор тағайындау, босату, кадр қабылдау істерінің білім министрлігі құзіретінен алынып, жергілікті атқарушы биліктің қарауына берілуінен көрініс тапты. Бұл практика бұдан былай білім беру мекемелерінің жұмысы педагогиканың қағидаларымен емес, саяси амалдармен басқарылатынын, мектептің атқаруға тиісті функциясы маңыз аларлықтай өзгеретінін көрсетіп берді.

Осыдан кейін мектеп білім және тәрбие берушілік қызметін екінші қатарға ысырып, бағдарламадан тыс әрекеттермен айналысуға көбірек тартылатын болды. Мұғалімдер жергілікті әкімшілік тарапынан өткізіліп жатқан шараларға көбірек жауапты болатын болды. Мектеп оқушылары ата-аналарды «дұрыс» дауыс беруге, демек, депутаттыққа жоғарыдан ұсынылған кандидаттарды қолдап шығуға көндіруге жұмсалды. Қажетіне қарай, оқушылар мен студенттер қарсылықсыз стадиондарды, алаңдарды толтырды, түрлі шараларға қатысушы көпшіліктің рөлін ойнады. Ұлттық теледидар жасап жатқан берілімдерінде көпшілікті көрсетуі керек болғанда, студенттер мен оқушылар зал толтырушы міндетін атқарды. Жаңа «жұмыс берушінің» нұсқап отырған міндеттерін орындамауға мұғалімдердің қауқары болмады.

Білім беру жүйесінің жұмысын басқаруға арнайы институционалдық өзгеріс енгізіп алмай, жергілікті әкімшілік мектептің білім беру үдерісіне араласа алмас еді, оны бағдарламадан тыс мақсатты шараларға жұмсай алмас еді. Институционалдық өзгерістерден кейін мектеп іс жүзінде Білім және ғылым министрлігі жүйесіндегі иерархияларға бағынбайтын болды. Аудандық, қалалық, облыстық білім департаменттеріне берілетін есеп формалы сипат алды. Жергілікті әкімдік өздері тағайындаған директор арқылы мектепті уысында ұстап отырды. Мектеп оқытудың сандық көрсеткіштерін ғана қамтамасыз ететін мекемеге айналды. Енді мектеп әкімшілігінің өзі емтиханға жіберген оқушылардың ҰБТ тапсыру нәтижелері білім мекемесінің жұмысының сапасын бағалаудың жаңа критериіне айналды.
Талапшыл кадрлар біртіндеп мектепті тастап кетіп жатты. Олардың орнын өзге түсімді жұмыс таппаған соң, білім беру жүйесіне еріксіз келген адамдар басты. Олар бала оқытып, тәрбиелеуге әуестігі мен қызығушылығы болмаса да, жоғарыдан келген нұсқауды талқыламай, сөзсіз орындап отырды. Біртіндеп кадр құрамы толығымен сүреңсіз педагогикалық планктонмен ауыстырылды.

Мектептің білім және тәрбие беру функциясының өзгеруі саланың қызметіне үлкен залалын тигізді. Алдымен ондағы кадрлардың ұсақтауына әкеліп соқтырды. Өз ісін тыңғылықты атқара алатын, осы кәсіпке жүрек қалауымен келген, балаға білім мен тәрбие беруге кәсіпқой қызығушылығы бар мұғалімдер мектепке керексіз болып қалды. Олардың жастарға білім мен тәрбие беруге ізгіниетті ұмтылысына сұраныс болмай қалды.

Солай бола тұра, кәсіпқой мұғалімдер мектепті өзінің имманентті функциясынан ажыратып тастаудың білім мен тәрбиенің сапасына кері әсері болатынын, білім беру үдерісінің формалылыққа ойысып бара жатқанын айтып, наразылық білдіруді жалғастыра берді. Олар жергілікті билік өкілдерінен мектептің атқаруға тиісті төл міндетіне – білім мен тәрбие беру ісіне кедергі жасамауды, бағдарламадан тыс  шараларға қатыстыруды тоқтатуды талап етті.

[caption id="attachment_10850" align="alignright" width="324"]Айман Мұғалімдердің мұңын шаққан ұстаз Айман Сағидуллаева[/caption]

Талапшыл кадрлар біртіндеп мектепті тастап кетіп жатты. Олардың орнын өзге түсімді жұмыс таппаған соң, білім беру жүйесіне еріксіз келген адамдар басты. Олар бала оқытып, тәрбиелеуге әуестігі мен қызығушылығы болмаса да, жоғарыдан келген нұсқауды талқыламай, сөзсіз орындап отырды. Біртіндеп кадр құрамы толығымен сүреңсіз педагогикалық планктонмен ауыстырылды.

Білім беру мекемелеріне билік жүргізу құқығының жергілікті әкімшілікке берілуі салада сыбайлас жемқорлықтың мейлінше өршуіне жол ашты. Білім беру саласының аталған бағыттарда «оза шауып», жиі аталып жүруінің себептерінің бірі осында – институционалдық өзгеріс жасау арқылы мектепті педагогикалық емес, саяси амалдармен басқаруға көшіп алып, әкімшіліктің ауқымды құбылтулар жасауға мүмкіндік алуында жатыр.

Әкімшілік мұғалімді көше тазалауға, сайлау науқандарын өткізуге қатысты шараларға, тұрғындар санағын жүргізуге, әскерге шақыру хабарламаларын тараттыруға жұмсағанда, жергілікті илеуден шыққан артистердің концерттеріне баруды міндеттегенде, мұғалім мұндай бұйрықтарды орындаудан бас тартуға құқығы бар. Бұл бұрын болып көрмеген, игеруге қиын жаңалық емес, ежелдің ең күнінен, әркімге белгілі қағида. Солай екенін, аса топас біреу болмаса,  мұғалімдердің бәрі білуге тиіс. Ендеше неге олар әкімшіліктің өкіліне тіке жауап беріп, заңсыз бұйрықтарды орындаудан бас тарта алмайды?
осы сендер өздерің мектепте оқып па едіңдер? Онда қоғамдық білім негіздері, тарих, құқықтану деген сабақтар өтілмеп пе еді? Сендер ЖОО бітірген маман емессіңдер ме? Онда философия, саясаттану, құқықтану, мәдениеттану, этика деген пәндер оқытылмап па еді? Өздерің газет оқисыңдар ма? Ғылыми-ақпараттық бағдарламалар көресіңдер ме? Көздеріңді ашып, жан-жаққа қарайсыңдар ма? Халықаралық кеңістікте не болып жатқанынан хабарларың бар ма? Басқалар ашық қоғамды, құқықтық қоғамды қалай құрып жатыр? Неге жоғары білімді маман бола тұра, индустриялы сатыдағы азаматтық қоғамның мүшесі бола тұра, өз құқықтарыңды өздерің қорғай алмайсыңдар?

Оның екі себебі бар. Біріншіден, әкімшілік заңсыз қысым жасайды. Ондай қысымның түрлері толып жатыр. Ең пәрмендісі тіл алмаған мұғалімді жұмыстан қудалау. Бұл жерде мынаны ескере кету керек. Әдетте мұндайда өзін-өзі сыйлайтын, мамандығын, кәсіпқойлығын бағалайтын, өз қадірін білетін, ар қамтамасыздығын ұстанатын мұғалімдер кетіп, олардың орнына ұстанымсыз, білімсіз, тілалғыштар келеді. Сонысымен әкімшілік бүкіл мектепке сүреңсіз сұр кадрды жинап алып, білім беру спектаклін ойнатып отырады.

Екінші себептің мәні мұғалімдердің өздеріне қойылатын мынадай сұрақтармен ашылады: осы сендер өздерің мектепте оқып па едіңдер? Онда қоғамдық білім негіздері, тарих, құқықтану деген сабақтар өтілмеп пе еді? Сендер ЖОО бітірген маман емессіңдер ме? Онда философия, саясаттану, құқықтану, мәдениеттану, этика деген пәндер оқытылмап па еді? Өздерің газет оқисыңдар ма? Ғылыми-ақпараттық бағдарламалар көресіңдер ме? Көздеріңді ашып, жан-жаққа қарайсыңдар ма? Халықаралық кеңістікте не болып жатқанынан хабарларың бар ма? Басқалар ашық қоғамды, құқықтық қоғамды қалай құрып жатыр? Неге жоғары білімді маман бола тұра, индустриялы сатыдағы азаматтық қоғамның мүшесі бола тұра, өз құқықтарыңды өздерің қорғай алмайсыңдар?

Егер өз құқықтарыңды өздерің қорғай алмасаңдар, жергілікті әкімсымақтардың итпегінен шыға алмасаңдар, онда сендердің балаға демократиялық қоғам орнату жолдарын, ғылым ақиқаттарын, құқық негіздерін оқытуға қандай қақыларың бар? Сендер сияқты ездерден келер ұрпақ осындай ез болып шығып жатыр. Осындайда неміс философы И. Канттың  «егер сен өзің жердің құрты болсаң, онда мені таптап кетті деп шағынуға қақың жоқ» дегені еске түседі.

Мектеп өзі атқаруға тиісті табиғи функциясымен – білім берудің республикалық ұйымы бекіткен стандарттар мен бағдарламалар бойынша оқушыға білім мен тәрбие берумен ғана айналысуы керек. Жергілікті биліктің нұсқауымен мектепті бағдарламадан тыс жұмыстарға пайдалану – білім сапасын төмендетуші факторлардың ішіндегі ең кесірлісі. Мектепте берілетін білімнің сапасын көтеру үшін алдымен Қазақстан Республикасы Білім беру туралы Заңының 3-бабына өзгеріс енгізіп,  институционалдық құрылым қалпына келтірілуі керек. Мектеп жергілікті білім беру департаменттеріне, ең алдымен беріліп жатқан білімнің сапасы үшін есепті болуы керек. Мектеп директорын баламалы кандидаттарды қатыстырып, конкурстық әдіспен іріктеп алу ата-аналардан, мұғалімдерден және аудандық (қалалық) білім беру департаменттерінің өкілдерінен құрылған паритетті комиссияның құзіретінде болуы тиіс.

Тағы бір кеңес: жұмыс беруші мен қызметкер арасында функциялық міндеткерліктерді айқындайтын шарт жасалуы керек. Онда тараптардың міндеттері нақты көрсетіледі. Мұғалім оқушыға білім мен тәрбие беруге қатысты жұмыстарды орындауға міндетті. Ал жоғарыда аталғандай, заңсыз талаптар мен бұйрықтар шартқа енбейді, сондықтан оларды орындауға мұғалім міндетті болмайды. Мұғалімнің қызметі осы «функциялық міндеткерліктер» деп аталатын құжат арқылы регламенттенеді.

Қанағат ЖҮКЕШЕВ


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар