Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Көркем Алдабергенова 05 жел. 2025 07:30

Синоптиктер 5, 6 және 7 желтоқсанға арналған Астана мен Алматының ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Астананың ауа райы болжамы

5 желтоқсан – күн бұлтты, кейде аздаған қар, көк тайғақ, боранды жел. Жел батыстан, жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде –1…–3 градус, күндіз 0 градус шамасында.

6 желтоқсан – күн бұлтты, түнде қар, боран, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Көк тайғақ. Жел оңтүстік-батыстан, секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде –2…–4 градус, күндіз –0…–2 градус.

7 желтоқсан – күн бұлтты, кей кездері қар, боран, көк тайғақ. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде –3…–5 градус, күндіз –0…–2 градус.

Алматының ауа райы болжамы

5 желтоқсан – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде 0…–2 градус, күндіз 7–9 градус жылы.

6 желтоқсан – күн бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан, секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде 0 градус шамасында, күндіз 6–8 градус жылы.

7 желтоқсан – күн бұлтты, күндіз жаңбыр. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде –1…–3 градус, күндіз 5–7 градус жылы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар