Алматыдағы 50 адамның улануына қолдан жасалған пеш себеп болған

Самал Асқар 24 сәу. 2026 13:34

Алматыда түсірілім кезінде 50 адамның көміртек тотығынан улануына вагон ішіндегі қолдан жасалған жылыту жүйесі себеп болған, деп хабарлайды Dala News.

Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

«Түсірілім жүргізген компания жеке вагонмен келісім жасаған. Вагон ішінде суық болғандықтан, олар жылыту жүйесін орнатқан, алайда ол қандай да бір жолмен ішке көміртек тотығын бөлген. Бұл – толықтай қолдан жасалған жүйе. Қазір тергеу аяқталуға жақын, вагон иелері қатаң жауапкершілікке тартылады», – деді министр.

Оның айтуынша, оқиғадан кейін пойыз бірден пайдаланудан шығарылған.

«Бұл жерде нақты заң бұзушылық бар. Улану фактісі дәлелденген, енді оны құқықтық тұрғыда рәсімдеу қажет», – деп атап өтті Сауранбаев.

Еске салсақ, 2025 жылдың желтоқсанында Алматыда пойыздағы түсірілім кезінде 50 адам уланған. Оның ішінде екі бала жансақтау бөліміне түскен, тағы тоғызы токсикология бөліміне жатқызылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove