Жангелдиндегі бүтін бір отбасының өлімі: тың деректер шықты

Сағыныш Сардарова 24 сәу. 2026 11:15

Атырау облысы Жангелдин ауылында бір отбасы мүшелеріне қатысты қылмыс алты ай аралықпен жасалғаны анықталған. Бұл туралы жергілікті Instagram парақшалардың бірі облыстық прокуратура дерегіне сүйеніп жазды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тергеу дерегіне қарағанда, Наурыз мамырда қайтыс болған. Ал отбасының қалған мүшелері қарашада көз жұмған.

"Күдікті (күйеу балалары - еск.) сот-психиатриялық сараптамадан өтіп, ақыл-есі дұрыс деп танылды. Ол өз әрекеті үшін толық жауап бере алады", - деп жазылған мәліметте.

Прокуратура өкілдері қылмысқа басқа адамдардың қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Қазір бұл дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove