Freedom Inside '26

Жанәбіловтер ісі бойынша сот отырысы дүйсенбіге шегерілді

Жанәбіловтер ісі бойынша сот отырысы дүйсенбіге шегерілді
іnstagram.com/elt6i

Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі 27 сәуірге, дүйсенбі күніне, ауыстырылды. Мұндай өтінішті мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайроллаев білдірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот отырысын кейінге қалдыруға процессуалдық келісімнің шарттарын талқылау себеп болған. Прокурордың айтуынша, мәміле бойынша нақты шешім қабылдау үшін қосымша уақыт қажет.

Сот шешімімен келесі отырыс 27 сәуір сағат 15:00-ге белгіленді.

Еске салайық, бүгін блогер Эльмира Төлегенова сотта соңғы сөзін айтты. Блогерлер заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, қылмыстық жолмен келген ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру бойынша айыпталып отыр.