Биыл ақылы жолдардан 120 млрд теңге жиналады

Қаракөз Амантай 24 сәу. 2026 12:59

Қазақстанда ақылы автожолдардан түсетін табыс алдағы уақытта айтарлықтай өседі. Бұл туралы көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрдің мәліметінше, 2025 жылы ақылы жолдардан бюджетке 87 млрд теңге түскен. Ал биыл бұл көрсеткішті 120 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр.

"Түскен қаражат қарыз міндеттемелерін өтеуге және жолдарды күтіп-ұстауға бағытталады. Жалпы алғанда, ақылы жолдар бюджетке түсетін жүктемені азайтады", – деді министр.

Сауранбаев автокөлік транзиті саласында да әлеует жоғары екенін атап өтті. Жақын уақытта ірі инфрақұрылымдық жобалар аяқталып, шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғырту және жаңаларын салу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ жаңа технологиялар енгізіліп, рұқсат беру жүйесінен бас тарту жоспарланып отыр.

Министрдің сөзінше, бұл шаралар Қазақстанның транзиттік мүмкіндігін арттырып, көлік-логистика саласының дамуына жаңа серпін береді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove