Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорат ғимаратында қайғылы жағдай орын алды. Бірінші курс студенті 14-қабаттан құлап, қаза тапты, деп жазады Dalanews.kz.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
«Қазір оқиғаның нақты себебі мен мән-жайы анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайдың себебі отбасылық мәселелерге байланысты болуы мүмкін», – делінген полиция хабарламасында.
Полиция департаменті қала тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушыларын ресми ақпаратқа ғана сүйенуге және шындыққа сай келмейтін мәліметтерді таратпауды сұрады.