Ресей мен Қазақстан Қытайға тасымаланатын мұнай көлемін арттыру жайын талқылауда

Кәмшат Тілеухан 31 шіл. 2025 15:50

Ресей мен Қазақстан Ресей мұнайын Қытайға ҚР территориясы арқылы транзит көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Үкіметте өткен брифинг барысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Ресей тарапынан, онда да атап айтқанда" Транснефть " компаниясынан өтініш болды. Қытай Халық Республикасына тасымалданатын Ресей мұнайының көлемін 2,5 млн тоннаға дейін ұлғайту жөнінде. Техникалық мүмкіндіктерді зерделеу жұмыстарын "Транснефть" және "ҚазТрансОйл" компаниялары жүргізуде, – деді Ақкенженов.

Министр қос тараптың жұмысы жақын арада аяқталатынын, қосымша мұнай айдау станцияларын салу керек болады ма, жоқ па, ол жағы сол кезде белгілі болатынын айтты.  

Айта кетсек, "ҚазТрансОйлдың" ("ҚазМұнайГаздың" еншілесі) Ресей мұнайының Қытайға тасымалы көлемінің 2,5 млн тоннаға дейін артуы есебінен қосымша 15-18 млн доллар алатыны болжанады.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар