Жаңа Конституция азаматтың құқықтарын қалай күшейтті?

Жаңа Конституция азаматтың құқықтарын қалай күшейтті?
Aqorda.Kz

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстандажаңа Конституция күшіне енді. Ата заңдағыөзгерістер мемлекеттік басқару жүйесінжаңартумен қатар, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғауға бағытталғанбірқатар маңызды кепілдіктерді де бекітті. Бұған дейін жекелеген заңдарда қарастырылған кейбір нормалар енді конституциялық деңгейге көтерілді. Бұл қарапайым азамат үшін нені білдіреді?

Дербес деректерді қорғау – енді конституциялық құқық

Бүгінде адамның жеке мәліметтері күн сайын түрлі ақпараттық жүйелерде қолданылады. Банктегі есепшоттан бастап медициналық анықтамаға, мемлекеттік қызметтерден мобильді қосымшаларға дейін дербес деректер көптеген цифрлық сервистерде сақталады.

Жаңа Конституция адамның дербес деректерін заңсыз жинаудан, өңдеуден, сақтаудан және пайдаланудан қорғауды конституциялық кепілдік ретінде бекітті. Сонымен қатар хат-хабардың, телефон сөйлесулерінің, банктік операциялардың және өзге де ақпараттың құпиялығы қорғалады.

Бұл норма азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмауын күшейтіп қана қоймай, мемлекеттік органдардың, банктердің, медициналық ұйымдардың және басқа да мекемелердің жеке ақпаратпен жұмыс істеу жауапкершілігін арттырады.

Мемлекет те өз әрекеті үшін жауап береді

Жаңа Конституция азаматтардың құқықтарын қорғаудағы тағы бір маңызды қағиданы бекітті. Егер мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға заңсыз әрекет жасап, азаматқа зиян келтірсе, мемлекет оны өтеуге міндетті.

Бұл – мемлекеттің азамат алдындағы жауапкершілігін күшейтетін маңызды кепілдік. Заңсыз шешім, негізсіз әкімшілік шара немесе басқа да құқық бұзушылық салдарынан келген шығынды өтеу мүмкіндігі енді Конституция деңгейінде қорғалады.

Заңның кері күші болмайды

Жаңа Конституцияның маңызды жаңалықтарының бірі – заңға кері күш беруге тыйым салынуы. Бұл азаматтарға жаңа міндеттер жүктейтін, жауаптылықты күшейтетін немесе олардың құқықтық жағдайын өзге де жолмен нашарлататын жаңа заңдар олардың күшіне енгенге дейін туындаған құқықтық қатынастар мен жасалған әрекеттерге қолданылмайтынын білдіреді.

Сонымен қатар Конституцияда маңызды ерекшелік көзделген. Егер жаңа заң жауаптылықты жойса, жазаны жеңілдетсе немесе адамның құқықтық жағдайын өзге де жолмен жақсартса, ол заң күшіне енгенге дейін туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады.

Мұндай тәсіл заңнаманың тұрақтылығы мен құқықтық айқындығын қамтамасыз етеді, азаматтардың құқықтарын қорғайды және заңдағы өзгерістердің бұрын туындаған құқықтық қатынастар бойынша олардың жағдайын нашарлату үшін қолданылуына жол бермейді. Ал адамның жағдайын жақсартатын заң бұрын жасалған әрекеттерге де қолданылады.

Конституциялық кепілдік не үшін маңызды?

Бұрын аталған нормалардың бір бөлігі салалықзаңдарда болғанымен, енді олардың барлығыКонституция деңгейінде бекітілді.

Бұл бірнеше маңызды артықшылық береді:

• адам құқықтары ең жоғары құқықтық қорғауғаие болады;

• кез келген заң Конституцияға сәйкес келугетиіс;

• мемлекеттік органдардың шешімдеріконституциялық талаптарға қайшы болмауықажет;

• азамат өз құқығын қорғау кезінде Конституция нормаларына тікелей сүйене алады.

Жаңа Конституциядағы өзгерістердің басты мақсаты – адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту. Дербес деректердің қорғалуы, мемлекеттің заңсыз әрекеті үшін жауапкершілігі және заңның кері күшіне жол бермеу сияқты нормалар құқықтық мемлекеттің маңызды қағидаларын нығайтады.

Бұл өзгерістер құқықтық жүйені ғана емес, әрбір азаматтың күнделікті өмірін де қамтиды. Өйткені адамның жеке өмірі, мүлкі және заң алдындағы қорғалуы енді бұрынғыдан да берік конституциялық негізге ие болды.