Өнеркәсіп саласында жарты жыл ішінде өндіріс көлемі 28,9 трлн теңгені құрап, 6,5%-ға өсті

Кәмшат Тілеухан 31 шіл. 2025 14:02

Үкімет үйінде Мемлекет басшысының өнеркәсіп, энергетика және көлік салаларындағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясы өтті. Онда Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасады. Ол нақты секторды дамыту жайына кеңінен тоқталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Өнеркәсіпте жарты жыл ішінде өндіріс көлемі 28,9 трлн теңгені құрап, 6,5%-ға өсті, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 13,7 трлн теңгеге өнім өндірді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5,5%-ға жоғары. Өңдеуші сектордың елдің Жалпы ішкі өнімге қосқан үлесі - 12,4%. Бұл өсім машина жасау (+11,1%), химия өнеркәсібі (+7%), құрылыс материалдарын өндіру (+8,6%) және азық-түлік өнімдері (+10%) көрсеткіштерінің артуы есебінен қамтамасыз етілді",
— деді ол.

Биыл жалпы құны шамамен 1,5 трлн теңге болатын 190 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінде оның 196 млрд теңге сомасына 47 жоба іске қосылып, 3 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар