Freedom Inside '26

Қазақстанда АҚШ доллары арзандап жатыр

Қазақстанда АҚШ доллары арзандап жатыр
Pixabay

Доллар бағамына қатысты 26 маусымға арналған болжам жарияланды. АҚШ валютасының бағасы 470-480 теңге аралығында болуы ықтимал, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сарапшы Айбар Олжаев бұл аралықты негізгі сценарий деп бағалайды. Оның айтуынша, қазіргі сыртқы және ішкі экономикалық жағдайлар теңге осы аралықта саудалануына мүмкіндік беріп отыр.

Теңгенің тұрақтылығына мұнай бағасының жоғары деңгейде сақталуы оң әсер етіп жатыр. Бұл Қазақстанның экспорттан түсетін табысын арттырып, ұлттық валютаға қолдау көрсетеді.

Сонымен қатар, доллар индексінің өзгерісі де маңызды рөл атқарады. АҚШ экономикасындағы көрсеткіштер мен Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлемеге қатысты шешімдері доллар бағамының айналымына ықпал етуі мүмкін.

Ішкі нарықта импорттаушылар мен кәсіпкерлер тарапынан шетел валютасына сұраныс сақталып отыр. Бұған қоса, бюджет пен салық төлемдері кезеңі жақындауы валюта нарығындағы белсенділікке әсер етуі ықтимал. Қажет болған жағдайда Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыру үшін нарыққа араласуы мүмкін.

Айбар Олжаевтың айтуынша, теңге үшін басты тәуекелдердің бірі - мұнай бағасы төмендеуі, доллар әлемдік нарықтағы нығаюы. Ал негізгі қолдау факторы - мұнай экспортынан түсетін кіріс пен ішкі нарықтағы экономикалық белсенділік.