Парламент палаталарының бірлескен отырысында премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тұрақты экономикалық өсімге қарамастан, былтыр еліміз инфляциялық қысым жоғарылауымен бетпе-бет келген. Үкіметтің, Ұлттық банктің және басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесінде инфляция біртіндеп баяулаған.
"Былтыр қыркүйекте инфляция 12,9%-ға жетті. Қазір Үкімет, Ұлттық банк және басқа да мүдделі құрылымдар қабылдап жатқан шаралардың нәтижесінде бес айда инфляция көрсеткіші 10,4%-ға дейін төмендеді. Біз қабылдаған шаралардың қорытындысы бойынша жақын арада инфляцияны 10%-дан төмен түсіруді жоспарлап отырмыз", - деді ол.
Сонымен қатар, былтыр инфляция халықтың табыс деңгейіне әсер еткен.
"Кейбір салаларда оң динамика бар. Халықтың нақты табысының көрсеткіштері экономиканың бүкіл саласында өсуі үшін барлық шараны қабылдаймыз", - деді премьер-министр.