Freedom Inside '26

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 920 адамға жетті

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 920 адамға жетті
ашық дереккөз

Венесуэлада болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 920 адамға жетті. Бұл туралы ел парламентінің спикері Хорхе Родригес мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz  "CNN"-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін Венесуэла вице-президенті Делси Родригес табиғи апат салдарынан 589 адамның қаза тауып, 2890 адамның жараланғанын хабарлаған болатын.

Билік өкілдерінің айтуынша, құрбандар саны әлі де артуы мүмкін. Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді ашу жұмыстарын жалғастырып жатыр және олардың астынан қаза болған адамдардың денелері табылуда.

Венесуэлада сәрсенбі кеші мен бейсенбі таңында магнитудасы 7,2, 7,5 және 4,5 балдық бірнеше жер сілкінісі тіркелген. Табиғи апат салдарынан көптеген тұрғын үй мен ғимарат қираған.

Елде төтенше жағдай режимі енгізіліп, ең көп зардап шеккен Ла-Гуайра штаты әскери бақылауға берілді.

Қазіргі уақытта Венесуэла халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің гуманитарлық көмегін қабылдап жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 235 адам деп хабарланған еді.