Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Украина тұтастығына байланысты келіссөздер тығырыққа тірелді” - Кушнер

“Украина тұтастығына байланысты келіссөздер тығырыққа тірелді” - Кушнер
ашық дереккөз

Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер аумақ мәселесіне келгенде тұйыққа тірелді. АҚШ президентінің арнайы өкілі Джаред Кушнер Украинаның НАТО-ға мүшелігі болашақ бейбіт келісімге енбеуі мүмкін екенін де айтты, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ресей тарапымен бірнеше сағатқа созылған келіссөздерден кейін Джаред Кушнер мен Стив Уиткофф аумақ мәселесі бойынша әзірге ортақ мәмілеге келе алмай отырғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Кушнер Вашингтон Киевке қысым көрсетіп жатыр деген айыптауларды жоққа шығарды. Оның айтуынша, АҚШ келіссөздерде делдал ретінде әрекет етіп, Украинамен барлау мәліметін бөлісіп келеді.

"Келіссөздердің мазмұны мен кез келген келісімге қатысты айтсам, Еуропа мен Украина келіспейінше, ешқандай шешім қабылдамаймыз. Меніңше, бұл – ең маңызды тұстардың бірі", – деді Кушнер.

АҚШ өкілі келіссөзге қатысушылар әзірге Украинаның НАТО-ға мүше болмайтынын негізге алып отырғанын айтты.