Алматыда Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде шыққан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды dalanews.kz.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп, өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жеке үй өртеніп, бес адам көз жұмғаны хабарланды. Қаза тапқандар арасында бала да бар.