Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Алматыда жеке үй өртеніп, бес адам көз жұмды

Алматыда жеке үй өртеніп, бес адам көз жұмды
видео кадры

Алматының Бостандық ауданында орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан бес адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар, деп хабарлайды dalanews.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 112 пультіне түнгі сағат 03:44-те түскен. Оқиға орнына төрт минут ішінде жеткен өрт сөндірушілер үйдің жалынға оранғанын анықтаған.

Тілсіз жау сағат 04:42-де толықтай сөндірілді. Өртті ауыздықтауға 35-ке жуық құтқарушы мен тоғыз арнайы техника жұмылдырылған.

Өрт сөндірушілер үй ішінен бес адамның мәйітін тапқан. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, өрттің шығу себебіне қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.