Венесуэлада болған жойқын жер сілкіністері салдарынан қаза тапқандар саны 235 адамға жетті. Тағы 4300-ден астам адам жарақат алып, 160-қа жуық тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ең көп зардап шеккен өңірлердің қатарында ел астанасы Каракас пен апат аймағы деп жарияланған Ла-Гуайра штаты бар. Бұл өңірлерде шамамен 250 ғимарат бүлінген немесе толық қираған. Сонымен қатар сегіз аурухана мен елдің басты халықаралық әуежайы да зақымданған. Қазір құтқарушылар үйінділерді аршып, тірі қалғандарды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Апат салдарын жоюға халықаралық ұйымдар да қолдау көрсетуде. АҚШ Венесуэлаға 150 миллион доллар көлемінде қаржылай көмек бөлетінін мәлімдеп, іздестіру-құтқару топтарын жіберетінін хабарлады.