Әкімдер рейтингін жасау - басшыларды бопсалаудың жаңа түрі шықты

Dalanews 03 ақп. 2022 12:39 952

 Қазақстанда әкімдердің жұмысын бағалайтын сервис пайда болды. Тұрғындар арнайы ұялы қосымша арқылы әкімдердің жұмысына өз бағасын бере алады. Ұялы қосымша Akimy.kz деп аталады. Оны App Store және Google Play арқылы тегін жүктей алуға болады.

Бүгінгі таңда  бұл қосымша ел арасында қызығушылық тудырып, қазіргі уақытқа дейін 10 мыңға жуық адам ұялы телефондарына орнатып үлгерген.

Қосымшада  еліміздегі 2 мыңға жуық облыс, аудан, ауыл әкімдерін түрлі критерийлер бойынша бағалауға болады. Жобаны әзірлеушілер үлкен «еңбек» еткені көрініп-ақ тұр. Барлық басшылардың өмірбаяны, қызмет еткен жерлері түгел көрсетілген.

Алайда бұл қосымшада асығыстыққа жол беріліп, біраз қателік кеткені байқалады. Кейбір деректердің өзекті емес екеніне көз жеткізуге болады.


Мысалы, Тамара Рахымжанова Глубокое ауданының әкімі деп көрсетіпті  сайтты әзірлеушілер. Бұл қате ақпарат. Анығы, аталған ауданның әкімі Эльдар Тумашинов.  Былайша айтқанда, қызметте жоқ басшыға адамдар бағасын беруде.

Абай ауданының әкімі Нұржан Әбдікәрімовті  белгісіз себептермен Шымкентке жөнелтіп жіберген.

Мобильді қосымшаның сипаттамасында "барлық деңгейдегі әкімдер арасында бәсекелестік орта құру үшін әзірленді» деп жазыпты. Бірақ «Рейтинг жасау» механизмі  жетілдірілмеген.

Жалпы, қазіргі уақытта әкімдерді бір-бірімен жарыстыру қаншалықты маңызды? Одан кім, не ұтады? Көзалдауға құрылған рейтингтің саудаға салынбасына кім кепіл? Елде бұдан басқа мәселе жоқ па?

ШҚО елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатқан өңір. Алдыңғы қатарлы медицина және инновациялық білім беру бойынша көш басында. Апатты жағдайдағы мектептері жоқ, балалар үш ауысымда оқымайды.

Ресми статистика бойынша соңғы 3 жылда өңір басшысының өзі де үздік үштіктегі әкімдердің қатарынан көрініп келеді.

Рейтинг – бұл лайк немесе дизлайктан тұрмайды, ал аймақта атқарылған орасан жұмыстардың  бәрі «бас бармақпен» өлшенсе ол құндылық емес. Қарап отырсақ осы рейтинг бойынша, облыста атқарылған шаруа жоқтың-қасы іспетті.  Әрине, мәселе көп. Бірақ егер ШҚО шынымен қолайсыз өңір болса,  сол аймақтан үдере көшер еді ғой?!

Облысқа қарасты  аудандағы әкімдерге қарасақ Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой рейтингте 2-ші орында, Алтай қаласының әкімі Қалихан Байғонысов үшінші орында.

Қазақстанның барлық аудан әкімдерінің арасында Зайсан ауданынан Серік Зайнулдин 7-ші орында.

Қосымшада бағалау көрсеткіші түрлі ойға жетелйді.

Басты бетте - Риддердің әкімі Дмитрий Горьковаяның 157,60 ұпайы бар, бірден " аудан әкімдері" бөліміне өтеміз – ол 514 ұпайымен алдыңғы қатарда. Әрине, әкімнің жұмысына шек келтірмейміз. Бірақ бағдарлама бір уақытта әртүрлі деректерді береді.

Әзірлеушілер математикадан қаншалықты хабары бар деген сұрақ туындайды.  Мүмкін техникалық қателік дер.

Нәтижесінде аудандар арасында  ШҚО-ның 13 әкімі оң рейтингке ие болған. Барлығы 15 аудан! Бұл облыстық басшылығының белгілі бір дәрежеде іс атқарып көрсеткіші емес пе? Әкімдер командасы өте табысты жұмыс істеуде!

Ал салыстырмалы түрде алып қарасақ  Солтүстік Қазақстан облысынан оң рейтингте небәрі 5 әкім бар.

Аудандар әкімдерінің рейтингінде оза шапқан Шығыс Қазақстан облысы қалай ғана ең нашар рейтингке ие болды?

Бір қызығы 971,80 дизлайк жинаған Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар да ең нашар әкім болып танылыпты. Ал бар болғаны 20.00 ұпайға жинаған Қарағанды ​​қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Жақсылық Мұқашұлынан кейін келеді.

Жасырары жоқ, ШҚО-ның тұрғындары өңірдің тыныс-тіршіліген белсенді атсалысып отырады.

Өзге әкімдер туралы айтсақ, аталған рейтингте – Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов өзгелерден оқ бойы озық келген. Оған 2633 адам дауыс беріпті.

Даниал Ахметовтың жұмысын жалпы 3991 адам бағалапты. Ахметовке 3200 адам дизлайк басқан. Бұл арада да әділетсіздік орын алған сыңайлы.

Әкімдердің жұмысын бағалайтын сервиске кибершабуыл жасалған немесе біз білмейтін құйтырқылыққа барған.

Мәселе мынада:

Ресми емес дереккөздерден белгілі болғандай, бірнеше ай бұрын сайт авторлары ШҚО-ға келіп, өздерінің жобаларына қолдау сұраған. Шамасы өңір басшылығы олардың айтқанына көнбеген секілді.


Қосымшаның  сипаттамасында  әзірлеушілер «ақпан айының соңына дейін дауыстарды санаудың жаңа әдісін іске қосамыз және барлық қол жетімді деректер түзетіледі» деп жазыпты.

Негізінде рейтингке деген көзқарас жеке, коммерциялық емес, аналитикалық болуы керек. Бұл сұрақ Қоғамдық даму және ақпарат министрлігіне қатысты мәселе. Болашақта Akimy.kz мобильді қосымшасы бағытын өзгертіп, OLX немесе басқа сату және қызмет көрсету сайтына айналса таңғалмаймыз.

Олег Чернышов,


"ШҚО Азаматтық Альянс" қауымдастығының төрағасы 




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар