Заманға сай жаңғыру - баршамыздың басты міндетіміз

Dalanews 02 нояб. 2018 17:19 698

2018 жылдың 30 қазан күні Созақ ауданындағы Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебінде "Заманға сай жаңғыру – баршамыздың басты міндетіміз" тақырыбында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазан күні елімізге жолдаған жолдауын ауыл тұрғындарына түсіндіру мақсатында жиын болып өтті.

Жиынға Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ш.Ошақапов, А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі А.Ботабекова, ауыл әкімі Серік Сахиұлы және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Жабағиев арнайы шақыртылды. Басқосуда  Ш. Ошақаповтың баяндамасымен ашылды. Ш.Ошақапов Елбасымыздың жолдауы халқымыздың, еліміздің игілігі үшін және жастарды қоғамнан тыс емес, жастар ел болашағы екендігі баса айтты. Еліміздің дамыған елдердің қатырына қосу үшін бүгінгі жас ұрпақ терең білім алып, болашақты ел игілігі үшін жұмыс істеу үшін қазірден бастан алдына таудай талап қою керек екенін алға тартты.

Еліміздің даму жолында әр азамат өзінен бастағаны дұрыс екенін тілге тиек етті. Жиынды Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебінің директоры С.Бегманұлы жүргізіп отырды. Жиын барысында ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауабын алып өзара сұхбаттасты.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости