Түркістанда әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті

Dalanews 07 нояб. 2018 17:07 934

Бүгін Түркістан қаласында ішкі саясат басқармасы мен Азаматтық Альянс заңды тұлғалар қауымдастығының ұйымдастыруымен VIII облыстық Азаматтық форум мен "Әлеуметтік идеялар мен жобалар" жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған жәрмеңкеге "Асар" Түркістан облысының мүгедектер қоғамы, Созақ аудандық филиалы атынан "Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасына психологиялық, әлеуметтік қолдау көрсету" тақырыбында жоба ұсындық. Жобаның маңыздылығы, қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарға арнайы мамандардың (психолог, дефектолог, социолог) көмегімен кеңестер беріліп, ерікті жастардың қатысуымен баланың қоғамға бейімделуіне ықпал ету. Өзінің қатарластарына қарағанда мұндай балалар өз кемістігінен қымсынып, оқшауланып отырады. Тағдырдың сынағына ұшыраған балалардың қоғамның белсенді мүшесі болып қалыптасуына ұсынған жобаның өз әсері тиетіні сөзсіз.

Аталған жобаның маңыздылығын ескерген сарапшы мамандар, үздік әлеуметтік жобалар қатарына қосуы бекер емес.

Елбасымыз айтқан "Біздің қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай кедергі болмауы тиіс" деген ұстанымға бірлесіп жетуіміз тиіс.

Қолдау білдірген барша жандарға мың алғыс!

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости