Скайп арқылы халықпен пікірлесті

Dalanews 02 нояб. 2018 17:07 963

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев 2018 жылдың 31 қазанында Skype байланысы арқылы жеке қабылдау өткізді.

Скайп байланыс жүйесінің тиімділігі-цифрлық технологияны қолдану арқылы басшысының жеке қабылдауына жазылған азаматтарға облыс орталығына келмей-ақ, нақты көрсетілген уақыт режимінде байланысып, өздерін қызықтыратын сұрақтарға тиянақты жауап алу мүмкіндігі.

Жеке қабылдауға алдын-ала жазылған Астана қаласының, Шардара және Сарыағаш аудандарының тұрғындары қатысып, өз сұрақтарын қойды.

Сұрақтар негізінен «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілерінің ішкі конкурсы, мемлекеттік қызметке алғаш кірген азаматтарға белгіленетін сынақ мерзімі мен тағайындалатын тәлімгер туралы, сондай-ақ, бос мемлекеттік лауазымдарға қатысты өз сұрақтарын қойды.

Департамент басшысы жеке қабылдау барысында азаматтардың сұрақтарына заң талаптарына сәйкес нақты жауаптар беріп, бұл бастамаға атсалысқан азаматтарға алғысын жеткізді.

Сондай-ақ, қабылдауда азаматтарға «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленгенін, карта танымал әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp +7775-8692121) арқылы ұсыныс, пікірлермен бөлісуге болатынын айтты.

Айта кетсек, Департамент басшысының жеке қабылдауы «Skype» бейнебайланыс арқылы алғаш рет өткізілуде және алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасатын болады.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости