Ұлттық тестілеу орталығынан заңмен қорғалатын ақпаратты ұрлағандар сотталды

Көркем Алдабергенова 25 мая 2024 09:42 8434

Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз араласқандар сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz ҰҚК-ге сілтеп. 

Сәуірде Орал қаласы сотының шешімімен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 206, 250 және 198-баптарында көзделген қылмыстарды жасағаны үшін әрқайсысы 2 жыл 6 ай бас бостандығыннан айыру үкіміне кесілді.

Сондай-ақ олар коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айрылды.

Үкім шығаруға ҰҚК-нің іс жүргізу материалдары негіз болды, оған сәйкес сотталғандар 2021-2022 жылдары Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізуді және көшіруді жүзеге асырған.

Үкім заңды күшіне енді.


Рекомендовать
Последние новости