Үкімет тағы 1 млрд теңге бөлді

Сағыныш Сардарова 27 июн. 2025 10:52

Қостанай облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар үшін Үкімет 1 млрд теңге бөлді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

2024 жылғы көктемгі су тасқыны салдарынан Қарасу ауданында бес көл, яғни Тімтуір, Қойбағар, Алабота, Биесойған және Жаншора көлдері қосылып, жалпы ауданы 621 шаршы шақырым болатын су басатын аумақ қалыптасуына әкеп соққан.

"Ұзындығы 38 шақырым болатын электр желілерінің 234 тірегі су астында қалды, бұл ауданның ЭБЖ жалпы ұзындығының 15,5%-ына жетеді. Тіректер құлаған жағдайда 2 426 абонент (10 мыңға жуық тұрғын) және 114 ауыл шаруашылығы құрылымы электр қуатынсыз қалуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл аймақта инфрақұрылымдық маңызды нысандар, оның ішінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдар, байланыс желілері, егіс алқаптары мен жайылымдар орналасқан. Жағдайды ескере отырып, Қостанай облысы әкімдігі Қарасу ауданында ұзындығы 14,2 шақырым болатын су бұру арнасын салу жобасын әзірледі. Жобаның жалпы құны - 1,9 млрд теңге, оның бір бөлігі облыстық бюджеттен бөлінген", - деп жазылған хабарламада.


Рекомендовать
Последние новости