Қытайдың автокөлік жасайтын компаниялары сатылым көлемін арттыру үшін бірнеше жылдар бойы автомобильдерді шетелге өткізудің көлеңкелі схемасын қолданып келген. Нақтырақ айтқанда, су жаңа көлікті жүрілген деп тіркеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Reuters агенттігіне мәлім болғандай, мұндай тәсіл 2019 жылдан бері қолданылып келген. Су жаңа көліктер жүрілген секілді ретінде көрсетіліп, Ресейге, Қазақстанға, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға және Таяу Шығыс елдеріне жөнелтіліп отырған.
Көлеңкелі схема мынандай тәсілмен жұмыс істейді:
- экспорттаушы жаңа көлікті тікелей өндірушіден немесе дилерден сатып алады, бірақ оны алдымен Қытайда тіркейді және оны шетелге жөнелту үшін "пайдаланылған" деп белгі қойдыртады. Бұл автоөндірушілер үшін өте қолайлы болған, мұндайда олар автокөлікті сатуды бірден тіркеп, сол арада кіріске кеңеледі.
"Әрине, пайдаланылған көлік деп көрсетілген соң ол айтарлықтай жеңілдікпен сатылады. Сондықтан да оған деген сұраныс жоғары. Бұл әдіс автоөндірушілерге Қытайдың орталық органдарына экономикалық өсімді қамтамасыз ету туралы бұйрықтардың орындалуы бойынша есеп беру үшін де қолайлы. Яғни, бұл сатылым көрсеткіштерін ресми түрде арттыруға мүмкіндік береді. Бәсекелестері нарық шарттарына сай әрекет етпейтінін айтып, олардың бұл қулығын Great Wall Motor Great басшысы билік алдына жайып салған. Қазір Қытай билігі бұл көлеңкелі схеманы егтег-тегжей зерттеп жатыр", делінген материалда.
Айта кетсек, соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда тіркелген көлік саны 6,3 миллионға жеткен. Біздің сайтымыздан "Автонесиелеу көлемі 1 жылда 36%-ға артты". Елімізде жүрген көліктердің әрбір екіншісі несиеге алынған" деген материалмен де таныса аласыз.