Қазақстанда тіркелген көлік саны 6,3 миллионға жетті, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
2025 жылғы мамырда 128,1 мың көлік есепке қойылған.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, оның ішінде:
- жеңіл көліктер - 113 мың;
- жүк көліктері – 8 мың;
- автобустар – 1,4 мың;
- мототранспорт – 5,7 мың.
Былтырғы мамырмен салыстырғанда бензинмен жүретін көліктер саны 15,3%-ға, дизель отынымен жүретіндер 13,9%-ға, газбен жүретіндер 36,2%-ға, аралас отынмен жүретіндер 9,3%-ға артқан. Елдегі электромобильдер саны бір жылда 66,9%-ға артқан.
Айта кетейік, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көліктердің саны 6,3 миллионға жетіп отыр.