Тоқаев студенттер шәкіртақысын 25 пайызға өсіруді бұйырды

Dalanews 10 дек. 2019 07:00 698

Жоғары оқу орындарының да, сол секілді жұмысшылар әзірлейтін орта кәсіби білім ордалары студенттерінің де шәкіртақысы бірдей өседі.




ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар форумында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап университет пен колледж студенттері шәкіртақысының 25 процентке өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
- 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттердің, магистранттардың және докторанттардың шәкіртақысы 25% -ға артады. Жалпы шамамен 130 мың адамның стипендиясы көтеріледі, - деді ол.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы колледж студенттеріне де осындай қолдау көрсетілетінін баса айтты.
- Естеріңізде болса, биыл қыркүйек айынан бастап жұмысшы мамандықтағы 122 мың студенттің стипендиясы 30 процентке ұлғайтылған. Енді, менің тапсырмам бойынша, үкімет 2020 жылдың қаңтар айынан бастап орта арнаулы білім беретін колледж студенттері стипендиясының да көлемін 25 процентке өсіреді, - деді Тоқаев.

Демек, тағы 100 мың жастың шәкіртақысы өседі.
"Бұл шаралар біздің студенттерге жақсы қолдау болады деп сенемін", - деп сөзін түйіндеді Президент.

 

Рекомендовать
Последние новости