Жоспар. Жыл сайын 100 жолаушылар вагоны сатып алынады

Dalanews 09 дек. 2019 12:37 722

Бүгін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Михаэль Кортюм ағымдағы жылдың қорытындысын шығарып, компанияның алдағы даму жоспарымен бөлісті. 

Басқосуда Михаэль Кортюм жоспардың негізгі бағыттарының бірі – жолаушылар вагон санын арттырып, оның сапасын жақсарту екенін алға тартты.

– Жыл сайын 100 жаңа вагон алу көзделіп отыр. Ескі вагондар толық жөндеуден өтеді.  Сонымен бірге осы жылы компанияға қарасты барша бағыттарда жаңа жеңіл алмалы-салмалы мүккәмәл енгізілді, – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры.

Ішкі корпоративтік мәдениет, компанияның ұйымдық құрылымын оңтайландыру,  жаңа IT-стратегия – бұл  жұмсалатын қаражатты үнемдеу мақсатында атқарылатын   шаралардың бастамасы болмақшы.     

Жыл сайын теміржол тасымалымен 20 миллионнан астам жолаушылар қатынайды. Сондықтан да компанияның басты міндеті  халыққа сапалы, қол жетімді қызмет қөрсету болып табылады.   


2019 жылдың 11 айында 15 миллион жолаушы тасымалданған. Электрондық билет сатудың үлесі 80%-ға өсті. Осы жылдың шілде айынын енгізілген Күту парақшасы арқылы 85 мың жол жүру құжаттары сатылғанын да айта кетуіміз керек. Күту парақшасы – теміржол тасымалындағы ТМД  аумағы бойынша алғашқы жоба.

 
Анықтама: Қазіргі таңда «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на  қарасты 4 филиал және екі еншілес компания бар. Олар -  «Оңтүстік», «Батыс», «Солтүстік» және  «Экспресс» филиалдары және «Қала маңы тасымалы» АҚ-ы мен «Вагонсервис» АҚ-ы. 117 бағыт, 13 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. . Оның ішінде 5 мыңнан астамы – пойыз бригадалары. 2 мыңнан астам жолаушылар вагоны бар.    

 

Рекомендовать
Последние новости