Параға Camry алған. "Ұлттық тестілеу орталығының" шенеунігі сотталды

Dalanews 10 дек. 2019 07:10 845

ҚР БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директорының бұрынғы орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотталды.




Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрын ҚР БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Д.С. Жақсыбековке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізді, деп хабарлайды Dalanews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Жақсыбеков "ProBusineSS.kz" ЖШС директоры С.А. Панкеевтен құны 8,8 млн. теңге болатын "Toyota camry" маркалы автокөлігін пара ретінде алды деп күдіктенген, аймақтарда аталған ЖШС-нің ҰБТ өткізу кезінде қызмет көрсету бойынша мүддесін қорғағаны үшін.

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімімен Жақсыбеков пара алды деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аталған адам мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Рекомендовать
Последние новости