Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы қыздың өліміне қатысты тың деректер шықты

Сағыныш Сардарова 14 янв. 2026 10:52

Шымкентте қаза тапқан 21 жастағы қыздың өліміне қатысты тың деректер шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"КТК" телеарнасы мәліметінше, Шымкенттің орталығында пышақталып қаза тапқан Нұрайдың мәйіті туған ауылы Төрткөлде жер қойнына тапсырылған.

Жақындарының айтуынша, марқұм мен күдікті былтыр тойда танысқан. Көп өтпей, оны алып қашқан кезде қыз көнбей кетіп қалған. Бірақ содан бері бойжеткенді аңдуын қоймаған көрінеді.

"Қыз бен жігіт таныс болған. Бірақ қыз бұл жігітті ұнатпаған. Қыз ата-анасына "бір жігіт артымнан қалмайды, телефоныма қайта-қайта қоңырау шалады" деген. Телефон арқылы қорқытып, үркіткен. Кіреберістің алдында қызды күтіп отырған. Болмаған соң ата-анасы қала прокуратурасы мен Полиция департаментіне арызданған", - деді марқұмның туысы Кәрімжан Кенжетаев.

Алматыда дизайнер мамандығы бойынша оқып жүрген Нұрай Серікбай қысқы демалысқа келген. Дүкенге шыққанда оны торуылдаған күдікті қинап сөйлеспек болған. Бірақ қыз көнбей, қашқан кезде артынан қуып жүріп пышақтаған.

"Алтындай, сондай ақылды қызымнан айырылып отырмын. Толықтай жазасын алсын. Өмір бойына сотталып кетсе де жаным ашымайды. Айуандықпен қызымды өлтірді. Ешқашан кешіруге болмайды", - деді марқұмның туысы Айгүл Сағымбек.

Еске салайық, кеше полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікті ер адамды ұстады.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove