Министрлік Каспий құбыры арқылы қазақ мұнайын экспорттау азайды деген ақпаратқа түсініктеме берді

Көркем Алдабергенова 13 янв. 2026 15:53

Энергетика министрлігі Каспий құбыры консорциумы арқылы мұнай тасымалдау азайды деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Министрлік қазіргі уақытта КҚК терминалында мұнай жөнелту ШАҚ-1 (ВПУ) айлақ құрылғысы арқылы жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.

Технологиялық процесс акваториядағы ағымдағы ауа райына байланысты енгізілген түзетулерді ескере отырып, штаттық режимде жүргізіліп жатыр.

"Ведомствоның негізгі басымдығы экспорттық жеткізілімдердің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ сақтау қуаттарының шамадан тыс толып кетуіне жол бермеу. Министрлік жағдайды тұрақты бақылауда және халықаралық серіктестермен, консорциум операторымен тікелей байланыста", - дейді ҚР Энергетика министрінің кеңісшісі, министрліктің ресми өкілі Әсел Серікпаева. 

Еске салайық, бұған дейін Каспий құбыры арқылы қазақ мұнайын тасымалдау азайғаны хабарланған еді. Bloomberg дерегінше, экспорттың азаюына ауа райының қолайсыздығы, техникалық жөндеу жұмыстары және инфрақұрылымдағы ақаулар әсер еткен.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove