ШҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты сот отырысы басталды

Қаракөз Амантай 19 мар. 2026 15:12

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот құжаттарына сәйкес, шенеунік аса ірі көлемде алаяқтық жасады және ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.

Іс бойынша негізгі сот отырысы 19 наурызға белгіленген.

Айта кетейік, ол бұған дейін қала әкімі қызметін де атқарған

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Омар Жақсылық Мұқашұлының ұсталғаны туралы тараған ақпаратқа өңірлік әкімдік пікір білдірген болатын


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove