Екібастұз шенеуніктері букмекерлік кеңселерге бәс тіккен

Көркем Алдабергенова 19 мар. 2026 17:05

Прокуратура тексерісі барысында әкімдік қызметкерлері арасында тыйым салынғанына қарамастан спортқа бәс тіккендер анықталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тексеру нәтижесі кейбір шенеуніктердің букмекерлік кеңселерде белсенді есепшоттары болғанын көрсетті. Ал заң бойынша мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған.

Заң бұзушылықтар тек қатардағы қызметкерлер арасында ғана емес, басшылық буын өкілдері арасында да анықталған.

"Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі сектор меңгерушісінің жеке шоты бойынша айналым 6,8 млн теңгені құрады. Осындай заң бұзушылықтар ауылдық округ әкімі, тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары және қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің жеті қызметкері тарапынан да анықталды", – деп хабарлады Бас прокуратура.

Материалдар Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің әдеп жөніндегі кеңесіне жолданды.

Бұдан бөлек, бақылауды тиісті деңгейде қамтамасыз етпегені үшін қала әкімі аппаратының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, 2025 жылдың жазында Орал қаласы әкімдігінің қызметкерлері мен полицейлері казинода миллиондаған қаржы ұтылғаны белгілі болған еді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove