Алматыдағы қалың түтіннің негізгі көзі туралы мифті ғалымдар жоққа шығарды

Көркем Алдабергенова 19 мар. 2026 16:06

Экология министрлігі Алматыдағы тұмшаның басты себебі автокөліктер деп жылдар бойы айтып келді. Ведомство таратқан мәліметтерде зиянды шығарындылардың 60 пайызы көлікке тиесілі екені көрсетілетін. Алайда халықаралық сарапшылар жүргізген зерттеу мүлде басқа нәтижені көрсетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өлшеу қорытындысына сәйкес, Алматыдағы PM 2.5 деп аталатын ұсақ қатты бөлшектердің деңгейі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгілеген нормадан жеті еседен астам жоғары.

Зерттеу деректеріне қарағанда, ауаны ең көп ластайтын негізгі көздер – жылу электр орталықтары мен көмір жағатын жеке сектор. Олардың жиынтық үлесі 34 пайызды құрайды. Бұдан кейінгі ірі фактор – жол бойынан көтерілетін шаң. Оның үлесі 32 пайызға жетеді.

Сарапшылардың айтуынша, ластанудың тағы 20 пайызы қаланың қазаншұңқырда орналасуына байланысты жиналып қалатын ауа массаларының әсерінен болады. Ал автокөлік шығарындыларының нақты үлесі небәрі 14 пайыз болып шыққан.

Осылайша, зерттеу нәтижесі жаппай электромобильге көшу Алматыдағы лас ауа мәселесін толық шешпейтінін көрсетті.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove