Дәрігер қателігі ме: сәби жолда көз жұмды

Самал Асқар 19 мар. 2026 14:45

Атырау облысында алты айлық сәби ауыр жағдайда 300 шақырым жерден жедел жәрдем көлігімен жеткізілгенімен, ауруханаға жеткен бойда қайтыс болды, деп хабарлайды Dala News.

Ақпаратқа сәйкес, дәрігерлер санитарлық авиацияны қолданбаған. Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайда әуе тасымалы қолданылуы мүмкін еді.

Облыстық №1 аурухананың бас дәрігері Айнұр Тілемесованың мәліметінше, сәби қайтыс болғанына қарамастан, осы уақытқа дейін қылмыстық іс қозғалмаған.

Оқиға қоғамда резонанс тудырып, жауапты органдардың әрекетіне қатысты сұрақтар көбейді.

Бұл жағдай Атырау облысының прокуроры Мадияр Бекенұлының назарына ұсынылды.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove