Статистика деректеріне сәйкес, халықтың ақшалай табысының 52,3%-ы азық-түлік тауарларына жұмсалады, 21,3%-ы – азық-түлікке жатпайтын тауарларға, яғни киім-кешек пен жиһазға кетеді, 18,3%-ы – ақылы қызметтерге, соның ішінде коммуналдық төлемдерге, көлікке, байланысқа, білім беру, денсаулық сақтау және демалысқа жұмсалады. Ал 6,1%-ы қарыздар мен несиелерді өтеуге бағытталады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Орта есеппен алғанда шығын көлемі мынадай:
58 800 теңге – етке
25 851 теңге – киім мен аяқ киімге
23 648 теңге – нан мен жармаға
20 657 теңге – қарыз төлеуге
19 596 теңге – коммуналдық қызметтер мен жөндеуге
16 995 теңге – сүт өнімдеріне
12 568 теңге – жиһаз бен тұрмыстық техникаға
11 154 теңге – байланысқа
7 647 теңге – балыққа
7 350 теңге – көлікке
6 451 теңге – туыстарға көмек пен алиментке
4 740 теңге – білім беруге
3 985 теңге – денсаулық сақтауға
3 652 теңге – демалысқа
3 548 теңге – сұйытылған газға
3 464 теңге – жұмыртқаға.
Ал табыс көздері мынадай:
249 410 теңге – жалдамалы жұмыстан түсетін табыс
67 026 теңге – зейнетақы
30 774 теңге – өзін-өзі жұмыспен қамту және кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс
12 447 теңге – жәрдемақы
7 569 теңге – туыстардың көмегі мен алимент
2 160 теңге – шәкіртақы
1 335 теңге – меншіктен түсетін табыс
92 теңге – атаулы әлеуметтік көмек.
