Қызылорда облысында санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкері 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынғанын жасыру үшін жалған еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеген, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ГосАрхив мәліметінше, дәрігер науқасқа нақты тексеру жүргізбей, қолдан жасалған құжат берген. Аталған заңбұзушылық анықталғаннан кейін дәрігер бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Ал жалған құжатты пайдаланған шенеунікке айыппұл салынды.
