Наурыз нышаны: Алматыда 12 метрлік «Бақыт Бәйтерегі» орнатылады

Ақтоты Жапатова 19 мар. 2026 11:41

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы қаласында биіктігі 12 метр, ені 12 метр болатын «Бақыт Бәйтерегі» атты символикалық арт-инсталляция орнатылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл бірегей нысан қала кәсіпкерлерінің бастамасымен және қолдауымен жүзеге асырылып, Наурыз мейрамының басты құндылықтары — жаңару, бірлік, береке және жасампаздық идеясын бейнелейді.

Бәйтерек — қазақ халқының дүниетанымындағы өмір ағашының символы.

Инсталляцияның:

  • тамыры — ұлттық тарих пен ата-баба мұрасы,
  • діңі — еліміздің тұрақтылығы мен дамуы,
  • бұтақтары — болашаққа ұмтылған жас ұрпақ,
  • жапырақтары — халықтың бақыты мен әл-ауқаты.

Ағаштың жоғарғы бөлігінде орналасқан шаңырақ элементтері Қазақстан халқының бірлігін, ортақ үй мен татулықты білдіреді. Бұл композиция еліміздің басты байлығы — қоғамдық келісім мен бейбіт өмірдің көркем бейнесі болып табылады.

«Бақыт Бәйтерегі» — бұл тек мерекелік инсталляция емес, ол Наурыз мерекесінің рухын жеткізетін, қала тұрғындары мен қонақтарына жақсы көңіл-күй сыйлайтын art -нысан.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove