Сенатта жаңа Конституцияны іске асыру мәселелері қаралып, заңнаманы қысқа мерзімде жаңарту міндеті қойылды, деп хабарлайды Dala News.
Мәжіліс пен Сенат алдында тұрған басты міндет – қолданыстағы заңдарды жаңа Ата заңға сәйкестендіру. Бұл жұмыстар Конституция күшіне енетін 1 шілдеге дейін аяқталуы тиіс.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев реформаларды сапалы әрі уақытылы заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуді тапсырды.
Жалпы алғанда, Парламент 6 конституциялық заңды қабылдауы қажет. Атап айтқанда:
– Президент туралы,
– Құрылтай туралы,
– Халық кеңесі туралы,
– Астана мәртебесі туралы,
– әкімшілік-аумақтық құрылым,
– сайлау туралы заңдар.
Бұдан бөлек, бірқатар қолданыстағы заңдарға өзгерістер енгізіледі.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы алғаш рет әкімшілік амнистия жариялаған. Тиісті заң да осы сессия аяқталғанға дейін қабылданады.
