ҚТЖ пойызға қандай заттарды алып өтуге болмайтынын түсіндірді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қауіпті және тыйым салынған заттарды пойызға алып өту әрекеті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
- Жарылғыш заттар мен құрылғылар, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдар: салюттер, фейерверктер және жарылыс қаупі бар өзге де заттар.
- Радиоактивті, есірткілік және психотроптық заттар, сондай-ақ тез тұтанатын сұйықтықтар мен химиялық қоспалар: мысалы, бензин, метил эфирі, метанол және сол сияқты қауіпті заттар.
- Тұтанғыш қатты заттар. Улы, күшті әсер ететін және уландырғыш заттар (сұйық немесе қатты күйде).
- Инфекциялық немесе биологиялық тұрғыдан қауіпті материалдар: жұқпалы ауру тудыруы мүмкін заттар мен оларды қамтитын бұйымдар.
- Барлық түрдегі қару-жарақ: атыс қаруы, лақтырмалы, электрлі, механикалық, газды және травматикалық қару, сондай-ақ, суық қару: пышақтар, қанжарлар, штык, қылыш, палаш, ятаган, тесаки, кастет, кистень, стилет, шашка, семсер және соққы-дробящий әсері бар өзге де заттар.
- Оқ-дәрілер мен патрондар: соғысқа арналған, жарық-дыбыстық, холостық, травматикалық әсері бар, аңшылыққа арналған жабдықталған патрондар және басқа да атуға жарамды снарядтар.
Сапар алдында жолаушылар вокзалдарда міндетті түрде қауіпсіздік тексеруінен өтеді. Бүгінде еліміздің ірі теміржол вокзалдары рентген-телевизиялық қондырғылармен, стационарлық және қол металл детекторларымен, сондай-ақ портативті анықтау құрылғыларымен толық жабдықталған. Сонымен қатар, бейнебақылау, дабыл беру және күзет жүйелері үздіксіз жұмыс істейді. Жолаушылардың қауіпсіздігін тәулік бойы полиция қызметкерлері мен күзет ұйымдарының өкілдері қамтамасыз етеді.
