Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді

Сағыныш Сардарова 14 янв. 2026 10:11

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару тәркіленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ішкі істер министрлігі 9-12 қаңтар аралығында республикалық "Қару" жедел іс-шарасын өткізді.

Іс-шара нәтижесінде:

  • заңсыз айналымнан 340 қару, 2 мыңнан аса оқ-дәрі тәркіленді;
  • 14 криминалдық қару алынды, оның ішінде сегізі қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, алтауы бұрын жоғалған қару;
  • алыстағы шаруа қожалығы тексеріліп, нәтижесінде 70 атыс қаруы тәркіленді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove