Шетелден өздігінен телефон алып келетін қазақстандықтар қиындыққы тап болды

Көркем Алдабергенова 05 нояб. 2025 11:14

Шетелден өздігінен телефон алып келетін қазақстандықтар қиындыққы тап болды. Олар ұялы телефондарын тіркей алмай дал болған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл жағдайға қатысты Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі телефондарды бұғаттау туралы тараған ақпаратқа түсінік берді.

Ведомствоның вице-министрі Ростислав Коняшкиннің сөзінше, қазақстандықтар өздері шетелден жеке әкелген смартфондарын еш қиындықсыз тіркей алады.

«Егер әңгіме елге заңсыз жолмен әкелінген телефондар жайлы болса, онда олардың кейбірі шынымен бұғатталуы мүмкін. Мұндай құрылғыларды заңдастыруға болады – ол үшін тиісті ақпарат жіберіліп, адамның белгілі бір кезеңде шетелге шыққаны тексеріледі. Осыдан кейін смартфон тіркеліп, еркін пайдалануға мүмкіндік беріледі», – деді вице-министр.

Коняшкиннің айтуынша, министрлік енгізіп жатқан шаралар азаматтардың заңды түрде сатып алған және елге жеке кіргізген құрылғыларына әсер етпейді.


Рекомендовать
Последние новости