«Қазгидромет» РМК 5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Астанада аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Ауа температурасы түнде -15°C, күндіз −8°C шамасында.
Алматыда жаңбырдың соңы қарға ұласып, тұман мен көктайғақ күтіледі, күн суытады.
Шымкентте түнде қар жауып, тұман түседі, күндіз +5°C дейін жылынады.
Ақтауда жауын-шашынсыз, күндіз +12°C жылы.
Ақтөбе мен Қызылордада жауын-шашын болмайды, күн ашық.
Атырауда ауа райы жылырақ - күндіз +9°C.
Қарағанды мен Көкшетауда қар жауып, аяз сақталады.
Қостанай мен Петропавлда боран мен көктайғақ күтіледі.
Тараз бен Қонаевта жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.
Түркістанда күн ашық, тұман түседі.
Өскемен мен Семейде қар жауады.
