Сайрамда ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда

Dalanews 05 нояб. 2018 07:29 837

Сайрам ауданында ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2018 жылы 63,0 млрд. теңгеге өнім өндіру жоспарланған-ды. Соңғы 10 айда 53,3 млрд. теңгеге өнім өндірілген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 7,6%-ға артық.

Түркістан облыс бойынша ауыл шаруашылғы саласында Сайрам ауданының үлесі 11,2 пайызды құрайды. Бұл мәліметтен аудан ауыл шаруашылығы сала бойынша облыс көлемінде топ бастап келе жатқанын байқауға болады.

Ағымдағы жылдың 10 айында өсімдік шаруашылығында 22,0 млрд. теңгеге өнім өндірілген. Жыл басынан 52,3 мың гектар жерге егістік орналастырылып, жоспар  (50,8 мың га) 102,9%-ға артығмен орындалған.

Тамшылатып суғару жоспары 150 гектар жерді құраса, орындалғаны 152,5 гектар аумақты қамтып, жылдық жоспар толығымен орындалды.

Жылыжай салу жоспары 10 гектар болса,  қазіргі таңда салынғаны 3,76 гектарды құрап отыр.  Ақсукент ауылында  «Жүзбаев» жеке кәсіпкерлігі  1 гектар өнеркәсіптік жылыжай кешенін іске қосып, 120 тонна өнім алынған. Сонымен қатар, Қарасу ауылында «Өтемісов» жеке кәсіпкерлігі 1,0 га фермерлік жылыжайды іске қосып, 80 тонна қияр алынды.

Бұдан бөлек, тамыз айында Қарамұрт ауыл округінде 8 гектар өнеркәсіптік жылыжай кешені құрылысы басталған, жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарланып, есебінен жылдық тапсырманың орындалуы күтілуде.

Қарқынды бау егу жоспары 50 гектар орындалғаны 50,6 гектарды құрады. Осылайша жұмыс мөлшері белгіленген межеден 101,2%-ға артық болды. Қайнарбұлақ ауыл округі аумағында «DALA FRUIT.KZ» ЖШС-не қарқынды бау егу үшін 50 гектар жер рәсімделіп берілген.



Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости