Сайрамда жыл басынан бері 393 тонна ет өндірілді

Dalanews 26 нояб. 2018 07:42 801

Соңғы 10 айда Сайрам ауданында мал шаруашылығы саласында 31,3 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өсім 10,7% құраған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ірі қара мал басы 27,5%-ға, қой мен ешкі 1,8%-ға, жылқы 13,2%-ға, құс 8,3%-ға көбейген.

Жыл басынан 23,7 мың тонна ет, 100,5 мың тонна сүт, 13,2 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, шаруалар жемісті еңбек еткені мәлім болды.

Жыл басынан 42 жанұялық сүт аулалары (жылдық жоспар 40 бірлік), 102  бірлік 10-15 бастық шағын мал бордақылау орындары (жылдық жоспар 100 бірлік) ашылған. Жалпы бүгінгі таңда 989  мал бордақылау алаңдарында бір мезетте 32-33 мың бас мал бордақылануда.

Мал бордақылау бойынша  Манкент ауыл округінде  «Нұрым Групп» серіктестігінің 10 мың басқа арналған бордақылау алаңының құрылысы қараша айында аяқталып, бастапқы кезеңде 1,5 мың бас мал бордақылана бастады. Жобаның құны 3,5 млрд. теңге, оның 2,4 млрд. теңгесі жеке инвестиция құрайды.

Ал Ақбұлақ ауыл округінде «Ақбұлақ ет өнімдері» ЖШС-нің 3 мың басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылысы аяқталып, қазіргі таңға 3 мың бас бордақылануда. Бұдан бөлек, Арыс ауыл округінде «ЖК Исмаилов» 350 басқа арналған жылқы бордақылау алаңын іске қосты.

2018 жылға 320 тонна мал етін экспорттау жоспарланса,  10  айда   393 тонна мал еті экспортқа шығарылған. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласында 10 ай көлемінде концепциядағы жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілген, тиісінше салаға 2,4 млрд. теңге инвестиция тартылған.



Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости