Бүгінде ауданда кәсіпкерлік саланы қаржы институттары арқылы қаржылай қолдау ісі жоғары деңгейде дамыған. Біздің бұл сөзімізге 2018 жылдың өзінде аудан көлемінде микрокредиттік ұйымдар арқылы 7775 адамға 4 млрд. 367,0 млн.теңге несие берілгені айқын дәлел болады.
Осы ретте кәсіпкерлікпен айналысуға ынта тантқан сайрамдықтарға несие беруде «Ырыс» және «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы айрықша қолдау көрсеткенін атап айтуға болады. Айталық, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы 1 жоба 80 млн. теңге берсе, «Ырыс» микрокредиттік ұйымы 31 жобаны несиелеуге 243,3 млн. теңгеге жұмсаған. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 156 адам оқытылып, оқытылған 68 жеке кәсіпкерге шағын несие берілген.
Ауданда инвестиция тарту ісі де оң бағытта дамып келеді. 2018 жылдың 10 айында ауданға 13,9 млрд.теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде 6,0 млрд. теңгесі бюджеттік инвестиция құраса, 5,9 млрд. теңгесі бюджеттік емес инвестициялардың (банк кредиттері – 1,6 млрд.теңге) еншісіне тиіп отыр.
Dalanews.kz