Отырар ауданында 30 мыңнан аса отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды

Dalanews 22 нояб. 2018 11:58 1027

Биылғы жылдың басынан беріле бастаған жаңаша форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті Отырар ауданында 642 отбасы алған екен. 

Барлығы 207 млн. теңгенің қаржылай көмегін алған жергілікті халық қазір түрлі бизнесті түлетіп, күнкөрісін жақсартып отыр.

 Отырар аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Мұхит Амангелдінің айтуынша, көмек алғандардың көбісі мал шаруашылығымен айналысып жатыр.


"Бірі уақ мал алып, бірі мал бордақылаумен айналысып жатыр. Құс шаруашылығын қолға алғандар да бар. Еңбекке қабілетті 600 азаматты жұмыспен қамтыдық", – дейді ол.

Айта кетейік, облыста биылғы жылы 30 мыңнан аса отбасы атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізген.Түрлі көлемде қаржылай көмек алған 2 жарым мыңнан аса азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса, 23 мыңнан аса еңбекке қабылетті азамат түрлі жұмыс орындарына орналасыпты.

Мұхит Отаршиев, Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басақармасының басшысы: «Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз төлемдер түрінде жүзеге асырылады. Шартты ақшалай көмекті 27 мыңнан аса отбасына, шартсыз ақшалай көмекпен 3300 отбасы қамтамасыз етіліп отыр». Салаға жауаптылар қазір жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмек жергілікті халықты кедейлік құрсауынан құтқарып, тұрмысын түзеуіне сеп болуда деп сендіреді.

Рекомендовать
Последние новости