Шардара ауданында тұрғын-үй құрылысы қарқынды жүруде

Dalanews 16 нояб. 2018 06:38 1075

Іргетасы жарты ғасыр бұрын қаланған Шардара ауданында үлкен өзгерістер орын алып жатыр.

Шынымен де соңғы кездері шардаралықтардың жылы суға қолын малып отыруға мүмкіндік беретін жақсы жаңалықтардың қатары көбейіп келеді. Атап айтар болсақ қалада тұрғын үй құрылысы да қарқын алған.

Бүгінгі таңда 80 пәтерлі бірнеше көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Алдағы бірнеше айлардан соң қоныс тойын тойлайтындардың қатары арта түспек.


Қаланың шырайына көлеңке түсіріп тұрған тозығы жеткен үйлер былтырғы жылдан бері жаңартылып, жаңа келбетке ие болды. Әбден тозығы жетіп, сылағы түскен 6 көпқабатты баспананың кем-кетігі жөнделіп, инженерлік жүйелері қалпына келтірілді. Қала тұрғындары баспаналарының басқа кейіпке енгеніне қуанулы.

Жақын келешекте шағалалы Шардара туризмнің де ордасына айналмақ. Баяғыдан-ақ қолға алынуы тиіс бұл саланың тамырына қан жүгіре бастады. Саяхат орны үшін су қоймасы жағалауынан 255 гектар жер бөлінді. Бұл маңға қонақ үй, яхт клуб, мейрамхана мен аквапарк, аңшылар мен балықшылар үй секілді 60-тан астам нысан салынады. Осылайша бір келген адам қайтып айналып соққысы келіп тұратын жұмақ мекенге айналғанын байқайды.

Рекомендовать
Последние новости