Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауылында дінтанушылар жұртшылықпен жүздесті

Dalanews 05 дек. 2018 06:22 750

Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды факторлардың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі.

Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі діндердің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық.
Сайрам ауданның Қайнарбұлақ ауыл округінің әкімшілігінде, ауыл тұрғындарымен кездескен теолог мамандар көпшілікке керағар діни ағымдардан сақтану жолдарын түсіндіріп, дәстүрлі діннің ерекшеліктерін жеткізді.
«Теріс пиғылды жат ағымдардың зардабы», «Исламдағы Әбу Ханифа мәзһабының орны» тақырыбында өткен кездесуде дінтанушы маманы А.Тажибаев ауыл тұрғындарының сұрақтарына кең көлемде жауап берді. Сондай-ақ, теріс пиғылды жат ағымдардың жетегінде кетпеу үшін дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану керектігін сөз етті. Исламдағы Әбу Ханифа мәзһабының орнын жан-жақты талдап көрсетті.
Ислам дініңдегі деструктивті діни ағымдардың сақтану жолдары, ағымды ұстанушылардың мінез- құлығы, ұстанған қағидалары туралы жастарға жан-жақты түсіндірді.

Кездесуге қатысушылар дін мамандарына өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Рекомендовать
Последние новости